Өңіріміздің ауыл-аймақтарында тұратын медицина қызметкерлері мен фармацевт мамандарға берілетін өтемақы көлемін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ауылдық жерлерде қызмет етуді мақсат еткен дәрігерлер, медбикелер мен дәріхана қызметкерлері коммуналды төлемдерді жауып, көмір алуға бюджеттен қаражат алатыны белгілі. Бүгінде оның көлемі 15 мың теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта оны ұлғайту жоспарланып отыр. Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларында аталмыш қаулының жобасы құпталып, өтемақы көлемін 18 мың теңгеге өсіру көзделді. Дегенмен, қаулы жобасы әзірге ресми түрде бекітілген жоқ.