ШҚО-дағы ауылдардың бірінде сілеусін көзге түсті

2136
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Жергілікті тұрғындар Күршім ауданындағы жабайы жануар туралы жедел жасақ қызметкерлеріне хабарлаған, деп жариялайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы ауданға қарасты Боран елдімекенінде жуықта түз тағысы көзге ұшырасты. Ауыл халқына көмек көрсету мақсатында Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері жұмылдырылды.
Мекеменің баспасөз хатшысы Мақсат Шәкіровтың сөзінше, мысық тектес жыртқыштың пайда болғаны расталса да, ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірмейді.
Сонымен қоса, аймаққа іргелес жатқан Қалжыр өзенінің жайылымы ежелден жабайы жыртқыштардың табиғи мекені екені айтылады.