Бұл туралы ШҚО бойынша мемлекеттік қызметтер департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, қазір өңір көлемінде автокөлік жүргізуді үйреніп, жүргізуші куәлігін аламын деушілерге тиісті орындар жоқ.
- Жалпы бұл республика көлеміндегі мәселе. Өскемен, Семей сынды қалалардың өзінде автодромдар талапқа сай емес, әрі қазір жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыратындарды комиссия мүшелері қадағалайды. Қазір аталған мәселе шешімін тауып келеді. Тиісті қаржы да бөлінген, - дейді Қайрат Нұрғазыұлы.
Нұрбек АСҚАРОВ