ШҚО-дағы «Аюды» демалыс базасына баратын жолға екі жылда асфальт төселеді

611
көрілім

Бұл туралы Баспасөз конференциясында Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мұстафин айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Самар тасжолынан шығысқазақстандықтардың әйгілі демалыс базасы «Аюдаға» апаратын жол сапасына жүргізушілер үнемі шағымданатын. Алайда бұл мәселе жақын арада шешімін табатын сыңайлы.

- Биылғы жылы Манат ауылына баратын тасжолдың 18 шақырымын жөндеуден өткіземіз, - деді Ернар Мұстафин. - Алдағы екі жылда аталған жол бөлігіне асфальт төсеу жоспарланып отыр.