Күн сайын тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары дәріханаларда, дәріханалық қоймаларда, фармацевтикалық көтерме компанияларда препараттардың бар-жоғын тексереді. Аймақ дәріханаларына жасырын сатып алушы ретінде қоңырау шалып, ыстықты түсіретін, бактерияға қарсы, вирусқа қарсы препараттардың бар-жоғын анықтауда, – деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Күнделікті есепті талдау дәрі-дәрмек тапшылығының жоқтығын көрсетеді, - деп мәлімдеді ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұргүл Құнапиянова. "Егер адам Өскемендегі дәріханалардың біріне келіп, парацетамол болмаса, қалада дәрі жоқ деп айтуға болмайды. Бізде облыс орталығында 200-ден астам және өңір бойынша 800-ден астам дәріхана бар. Ыстық түсіретін дәрілерге сұраныс бар, сондықтан дәріханада ыстықты төмендететін дәрі аяқталысымен, оларды қоймалардан тасымалдайды, - деді Нұргүл Құнапиянова. – Тек "Inkar" ЖШС фармацевтикалық компаниясы филиалының қоймаларына парацетамолдың 30 мың қаптамасы түсті. Бүгін Өскемен, Риддер, Алтай қалаларының дәріханаларына, Шемонаиха, Зайсан, Күршім аудандарына осы көлемнің барлығын бөледі.
Фармацептердің айтуынша, қол қойылған меморандум аясында ыстықты төмендететін құралдарды біркелкі бөлу мақсатында, оларды бір қолға екі-үш бумадан ғана сатады.
– Емдеу курсын өту үшін қажетті көлемде ыстықты төмендететін құралдарды сатып алуға рұқсат. Бірақ салған жерден 30-50 ораманысатып алуға болмайды, – дейді дәріхана қызметкерлері кезекті рейд кезінде.
Дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеру күн сайын жүргізіледі және мониторинг тобының мамандары өңір тұрғындарынан дәрі-дәрмектердің жоқтығы туралы келіп түскен әрбір ақпаратқа жедел жауап береді. Егер дәріханалардың бірінде бірнеше күн сізге қажет препарат болмаған жағдайда, 8 7232 61 81 00 осы нөмірге хабарласыңыздар, бұл аталмыш мәселені шешуге септігін тигізеді.