Өңіріміздегі жолдардың қыста үрлесін алып қалатын бөліктеріне қар ұстайтын қалқан орнату үшін үш жүз миллион теңгеден астам қаражат бөлінбек.
– Ұлан, Күршім, Бородулиха, Жарма және Глубокое аудандарындағы облыстық маңыздағы тасжолдарға жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын стационарлы қар ұстайтын қалқаншалар орнатылып, 1,3 мың метрлік темір арқанды қоршаулар орнатылады, – деді баспасөз мәслихаты барысында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. – Облыс жолдарын жайластыруға қазірдің өзінде 301 миллион теңге бөлініп қойған.