ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Риддер тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысын толық газдандыру үшін министірлік екі нұсқаны қарастырып жатыр.
Біреуі –«Қостанай – Астана – Өскемен – Зайсан» бағыты бойынша батыс өңірлерден газ тарту (жобаның құны – 778 млрд теңге).
Екіншісі – Ресей Федерациясынан газ тарту. Бұл ретте ресейлік «Газпром» компаниясымен бірлесіп, «Ресей Федерациясы – Қазақстан – Қытай Халық Республикасы» арқылы газдандыру мәселесі талқыланды.
Қазіргі уақытта еліміздің солтүстік-шығыс аймақтарға транзистік газ құбырын салу жоспарланып, келіссөздер басталып кетті.
Барлық дерек тексерілгеннен кейін газдандырудың тиімді нұсқасы әзірленеді.