ШҚО-дағы ХҚКО мамандары тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу жолдарын ұсынды

379
көрілім

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Осы ретте халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары #oqy&toqy айдарында оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсетуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Барлығы әдеттегідей Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;

Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;

Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;

Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;

Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз

Телеграм бот арқылы:

Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;

Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;

Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;

Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;

Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;

Мекенжай мәліметтерін растаңыз;

Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;

Емхананы таңдаңыз;

Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;

Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

Емхана арқылы:

Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні

Қызмет нәтижесі:

Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

Ескерту! Қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз, – делінген мәліметте.