ШҚО-дағы «KAZ Minerals Тобы» компаниясы осы жылдың бірінші тоқсанында 95 мың тонна мыс өндірді

956
көрілім

«KAZ Minerals Тобы» компаниясы 2023 жылдың бірінші тоқсанында 95 мың тонна мыс өндірген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Осы жылдың бірінші тоқсанында KAZ Minerals Тобы 95 мың тонна мыс өндірді. Ақтоғайдағы екі сульфидті кен байыту фабрика жақсы нәтиже көрсетті, ал Бозшакөл өнімділігі бойынша жобалық қуаттан асып түсті.

Мысты сату 108 мың тонна деңгейіне жетіп, өндіріс көлемінен 13 мың тоннаға асты. Теміржол логистикасының жақсаруы дайын өнімнің қорын азайтуға мүмкіндік берді.

Ілеспе өнім көлемі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда төмендеді, өйткені 2022 жылдың төртінші тоқсанында Шығыс өңірдегі өндіріс ілеспе металдың мөлшері жоғары учаскелерінде жүргізілді.

- Компания 2023 жылды жақсы бастады. Топтың өндірістік кәсіпорындары жақсы нәтижелер көрсетті, ал сату нарықтарына дейін логистиканың жақсаруы сатылымды арттырып, дайын өнім қорларын азайтуға мүмкіндік берді, - дейді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.