ШҚО-дағы Көкпекті мен Катонқарағай аудандарын жалғайтын "Одесса" теплоходы туралы толық ақпарат

1064
көрілім

Естеріңізде болса, мамыр айының ортасынан бастап Көкпекті және Катонқарағай аудандарының арасын жалғайтын Бұқтырма суқоймасының Васильев өткеліндегі «Одесса» теплоходы жұмысының басталып кеткені жайында Buqara.kz сайты жазған болатын. Бұл жолы аталмыш ақпаратты тағы біраз деректермен толықтырып, жол мұратын мақсат еткен жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін паром өткелінен өткізілетін техника мен жүкке төленетін төлемақы туралы айтып өтуді жөн көрдік.

Өздеріңізге белгілі, облыс орталығынан Өр Алтайда орналасқан Катонқарағай ауданына жетудің «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары», «Өскемен-Васильев өткелі-Рахман қайнарлары» және «Өскемен-Самар-Күршім ауданы-Рахман қайнарлары» сияқты үш бағыты бар екені белгілі. Дегенмен, жер жәннатын бетке алған жолаушылардың көпшілігі  жаз маусымында «Васильев» өткелі арқылы тартатын төте жолды «қысқа бағыт» деп таңдап жататыны да рас. Оның үстіне «Одесса» теплоходының Көкпекті мен Күршім аудандарының арасында қатынайтын «Күршім» және «Ертіс» паромдарынан бір ерекшелігі кейбір көлік құралдарына алынатын бағаның сәл арзан екендігі.

Қалай десек те, таңдау жолаушының өзінде. Бастысы діттеген жерге дер кезінде жетуі. Ал мамыр айының ортасында жұмысын бастайтын «Одесса» теплоходы көлік пен жүк тасымалдауды қара күзге дейін жалғастырады.

 

Біздің анықтама:

Қарт Ертісті есе жүзген «Одесса» теплоходы 1973 жылы жасалған. Жүк көтеру мөлшері 450 тоннаны құрайтын теплоходтың қозғалтқышында 450 аттың күші бар. Жылда жөндеу жұмыстары жүргізілетін теплоход биыл да кезекті жөндеуден өтіп жұмысына кірісіп кетті.

 

Сайт қонақтарының назарына «Одесса» теплоходының көлік құралдары мен әртүрлі техникаларды алып өту кезінде көрсетілетін қызмет бағасын ұсынамыз.

 

Жеңіл көліктер

(алып өту бағасы қозғалтқыш көлемі бойынша анықталады, см3)

Көлік құралының түрі Алып өту бағасы (теңге)
Мотоциклдер 500
Қозғалтқыш көлемі 1400-ге дейінгі автокөліктер 1000
Қозғалтқыш көлемі 1400-ден 1800-ге дейінгі автокөліктер 1100
Қозғалтқыш көлемі 1800-ден 2200-ге дейінгі автокөліктер 1300
Қозғалтқыш көлемі 2200-ден 2700-ге дейінгі автокөліктер 1500
Қозғалтқыш көлемі 2700-ден 3500-ге дейінгі автокөліктер 1800
Қозғалтқыш көлемі 3500-ден 4000-ға дейінгі автокөліктер 2200
Қозғалтқыш көлемі 4000-нан 6000-ға дейінгі автокөліктер 2500
Жолаушы тасымалдайтын көліктер
Сыйымдылығы 14 жолаушыға дейінгі шағын автобустар 2500
Сыйымдылығы 14 жолаушыдан асатын шағын автобустар 3000
«Паз» типтес көлік құралдары 4500
Жүк көліктері

(алып өту бағасы жүк көтерімділігіне байланысты)

1,5 тоннаға дейінгі автокөліктер 2800
1,5-тен 3 тоннаға дейінгі автокөліктер 3500
3-тен 5 тоннаға дейінгі автокөліктер 4500
5-тен 8 тоннаға дейінгі автокөліктер 7000
8-ден 10 тоннаға дейінгі автокөліктер 9000
10-нан 15 тоннаға дейінгі автокөліктер 11000
15-тен 20 тоннаға дейінгі автокөліктер 12000
20 тоннадан асатын автокөліктер 17000
Ауылшаруашылығы техникалары
«Беларусь» тракторы 3500
Тіркемесі бер «Беларусь» тракторы 4000
К-700 12000
Тіркемесі бар К-700 20000
Комбайн 15000

 

 

«Одесса» теплоходының жұмыс кестесі

 

Оң жақ жағалау Сол жақ жағалау
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы
7.30 8.00
9.00 10.00
11.00 12.00
13.00 14.00
15.00 16.00
17.00 18.00
19.00 20.00
21.00 22.00

Азамат ТЕМІРБЕКОВ