ШҚО-дағы көпір салу жобасының құны – 32 млрд. теңге

453
көрілім

 

Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір құрылысы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Десе де аймақ басшысы Даниал Ахметов сәуір айының соңына дейін құрылыс жұмысына қажетті тиісті қаржы мөлшерін бекітіп алу керектігін жеткізді.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жоба құны 32 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс ұйымдастыруға қаржы бөлінген.

Қазіргі уақытта «Қызыл Ту» өткелі таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін кесте бойынша жүріп тұр. Мұздың қалыңдығы 5-7 см болғандықтан жеңіл автокөліктердің мұз үстімен өтуіне тосқауыл қою үшін арнайы күзет қойылған.