ШҚО ТЖД Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифттерінен 168 ереже бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта облыста 1600 лифт тіркелген болса, оның 837-сі Өскемен қаласында.
Лифттердің 60 пайызының пайдалану мерзімі өтіп кеткен.
— Өскемен қаласында тексеру нәтижесіне сәйкес 168 ереже бұзушылық анықталды. Үш қызмет көрсету ұйымы мен төрт пәтер иелері кооперативі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар баспасөз қызметі. — Сондай-ақ бүгінгі күні 100 лифтінің меншік иелері жоқ және тиісінше оларға қызмет көрсетілмей келеді.