Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен «Білім басқармасының 2024 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары» туралы жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде облыста 206 балабақша мен 180 шағын орталық жұмыс істейді. Бала санының артуына байланысты балабақшаларда орын көбейту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 380 жаңа орын ашылды.
Оның ішінде: Өскемен қаласында 240 орындық балабақша жұмысын бастады, ал жұмыс істеп тұрған балабақшаларда 140 орын ашылды (Өскеменде – 90 орын, Ұлан ауданында – 50 орын).
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухинаның сөзінше, кезекті одан әрі қысқарту үшін жыл соңына дейін тағы 1593 жаңа орын ашу жоспарлануда. - Аймақта балабақша кезегін болдырмас үшін Өскемендегі бұрынғы балабақша ғимаратын қайтарып, тағы 200 орын бөлуді көздеп отырмыз. Облыс орталығында 475 орындық 3 жекеменшік балабақша ашылады. 220 орындық 2 балабақшаның (Зайсан ауданы - 100 орын, Күршім ауданы - 120 орын) ғимаратын сенімгерлік басқаруға беріп, артық және қолданыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 838 орын құрылады, - деді ол.
Қымбат МУХАМАДИЕВА