ШҚО-дағы мобильді топтар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

175
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

ШҚО-дағы азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 279 адамнан тұратын бірлескен 50 мобильді топ құрылды. 381 рейд жүргізіліп, 31 заңбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыста көбінесе ашық алаңдарда және саяжайға жақын аймақтарда өрт жиі шығып тұрады. Бұған басты себеп - қауіпсіздік шараларының сақталмауы. Өрт қаупі жоғары кезең басталғаннан бері аймақта 4 орман өрті, ауданы 38,4 гектар болатын 11 дала өрті және 158 шөп өрті тіркелген.

Департамент қызметкерлері еске салғандай: Тұрғындар ашық отпен жұмыс істегенде өте сақ болу керек, үйдің жанында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге тыйым салынады. Жол бойына сөндірілмеген темекіні, шыны ыдыстарды тастамауд қажет.

Қауіпсіздікті сақтамай, ашық алаңда от жаққан жағдайда ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.