ШҚО-дағы онкология орталығында онколог-маммолог дәрігерлер тегін тексереді

381
көрілім

7 қазан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі

Орталықта сүт безі қатерлі ісігінің алдын-алуға арналған Ашық есік күні өтеді.

- Бұл күні сіз онколог-маммолог дәрігерлерден тегін кеңес алып, тексеруден өте аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлік ала келуіңіз керек. Ал учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес, - деп хабарлады орталықтан.

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қаласы Потанин көшесі, 6, 1 корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі. Сұрақтарыңыз болса 8 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлеріне хабарласа аласыз.