ШҚО-дағы орташа жанұяның бір айлық шығыны қанша?

734
көрілім

Облыстық Статистика департаменті 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша орташа жанұяның 1 айлық қаржылай шығынын есептеп шығарды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек,ШҚО-дағы орташа жанұяның бір айлық шығыны 139 752 теңгені құрайды. Оның ішінде: азық-түлік өнімдеріне 65 696 теңге, басқа тауарларды сатып алуға 32 839 теңге жұмсалса әр түрлі қызметтердің төлеміне 28 305 теңге кетеді екен.