ШҚО-дағы ойын-сауық орындарына рейд жүргізілді

390
көрілім

20 қараша күні «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалы мен ШҚО ПД қызметкерлері бірлесіп «Қауіпсіз қала» акциясы аясында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер көп жиналатын түнгі ойын-сауық орындары, мейрамханалар және кальян шегетін орындарда түнгі рейд жүргізді деп хабарлайды Buqara.rz сайтының тілшісі.

Рейдке «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ШҚОФ белсенділері, Үлбі полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Алимбетов Б.Н, орынбасары, полиция капитаны Биболов Е.Н., учаскелік полиция қызметкерлері, қоғамдық пікір көшбасшысы Вартанян Л.С, блогер Такибаева А.С қатысты.
Қаланың 7 мекемесі қаралып, құқық бұзушылық анықталған мекемеде акт толтырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындарға түсіндіру және аталған шектеулер бойынша хабардар ету.