Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында адамдардың жекелеген санаттарына жыл сайын біржолғы төлемдер жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл осы төлемдерге 307,7 млн. теңге көзделген. Оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысының 14 қатысушысы мен мүгедектеріне - 1,5 млн. теңгеден 21 млн. теңгеге;
- 362 ардагерге (тыл еңбеккерлеріне, блокадашыларға, тұтқындарға, жесірлерге) - 100 мың теңгеден 36,2 млн. теңгеге;
- 5010 марапатталмаған тыл еңбеккері – 50 мың теңгеден (облыстық бюджеттен – 20 мың теңгеден, жергілікті бюджеттен -30 мың теңгеден) 250,5 млн. теңгеге ие болмақ.
Барлық санаттарға төлемдер 9-шы мамырға дейін жүргізіледі.
shkodahy_sohys_ardagerlerine_1_5_mln_tenged
59