Шығыс Қазақстандағы тәжірибелі хирург-онколог Ербол Құсайынов тік ішек обырының алғашқы белгілері туралы айтып берді.
Тік ішектің обыры барлық қатерлі ісіктердің ішінде жиі кездесетін ауру және еркектер мен әйел адамдар бірдей ауырады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жылына бүкіл әлемде осы тік-тоқ ішек обырымен 500 мыңға жуыө адам ауырады. Ал Америкада тік ішек қатерлі ісігіне жылына 145 000 диагноз қойылады,оның 93 пайызы 50 жастан асқан адамдар.
«Тік ,тоқ ішектерінің қатерлі ісігінің пайда болуына, қоршаған орта факторлары,тамақтың құрамының әсері бар.Бұл ауырудың көбеюіне әсіресе ақуыз, майы көп тамақтар, аз клетчаткалы тағамдар әсер етеді екен.Тоқ ішектің қатерлі ісігімен ауырып қалуына әсер ететін фактор –алкогольді сусындар. Дегенмен, жиі жағдайларда ішектің обыры пайда болып, оның қатерлі ісікке айналуына, ішектің полипы мен полипоздар көп әсер етеді», — дейді Ербол Құсайынов.
Бас кезінде тік ішегінің обыры бірден білінбей пайда болып,өсуі мүмкін.Ол 15 айға дейін созылуы мүмкін.Бұл кезде адамдар үлкен дәретке барғанда, дәреттің толығымен шықпайтынынан жаман әсер алып жүреді. Бұл ауыруға тән әр -түрлі симптомдар кездеседі.
«Үлкен дәреттің уақытымен дұрыс келмеуі,ал бара- бара оның қатып қалуы бірнеше күнге дейін,ол іштің кебуіне, үлкен дәреттің ішектен жартылай ,не мүлдем жүрмей қалуына әкеліп соғуы. Дәретке барғанда қан аралас болуы. Тік ішектің обыры әрқашан сыздап ауырады,ауру құйымшақ,сегізкөз жаққа берілуі мүмкін,кейде іштің төмен жағына беріледі.Науқас адамдар бара-бара әлсіреп, басы айналып, жүдейді,қаны азаяды. Осындай белгілері бойынша бұл ауыруға да диагноз қоюға болады. Ал дер кезінде тік ішектің қатерлі ісігі анықталса, оны емдеу де оңай, нәтижесі де жақсы болады», — деп атап өтті дәрігер.
Айта кету керек, қазіргі таңда осы ауруға диагноз қоюға, әр- түрлі медициналық тексеретін жолдар бар.Олар ректоромоноскопия арқылы ісікті көзбен көріп анализ алу.Бұған фиброколоноскопия да жатады.Бұл одан да жоғары,өте күрделі тексеру. Ол арқылы 100% дейін диагноз қойылады. Сонымен қатар, рентгенмен ирригоскопия — тік-тоқ ішекті тексеруі бар.УЗИ,КТ(компьютер.томографиясы)осыларды толықтырады.
«Қорыта келгенде, бұл ауырудың алғашқы белгілері пайда болса ,жоғарғы дәрежелі дәрігерге хирург-онколог,проктологқа көрініп,толық тексеру өткен жөн.Бұл,ауруға дер кезінде анықтап диагноз қойып,дұрыс ем қолданып,жақсы нәтижелерге жетістіктерге жетуіне көп әсер етеді», — деп айтты онколог-хирург Ербол Темірханұлы.