ШҚО-дағы туристік аймақтарға 17 дәретхана салынбақ

301
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірдегі туристік рекреациялық аумақтарға дәретханалар салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукованың айтуынша, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Соның бірі – туристік рекреациялық аумақтарға 17 дәретхана салу. Алакөл демалыс орны мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 5 қоғамдық әжетханадан салынады. Сондай-ақ жаңа дәретханалар Абай ауданындағы Қоңыр-Әулие үңгірінің маңында, Сібе көліндегі муниципалды жағажайда, Глубокое ауданындағы «Алтай Альпісі» тау шаңғысы курортында және Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай ата ескерткішінің жанында пайда болады.

– Жалпы өңір бойынша осындай 70 дәретхана салу жоспарланып отыр. Олардың барлығы стационарлық, заманауи үлгіде болады. Эскизді Kazakh Tourism компаниясы әзірлеген. Бұл мақсатта бізге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 100 млн теңге бөлінді, - дейді Инара Бодукова.