ШҚО-дағы Ұлан ауданында былтыр 29 тонна құс еті өндірілген

13312
көрілім

Ұлан ауданында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, ауданда Өскемен құс фабрикасындағы бройлер тауықтарының өндірісі жылына 60 мың тонна ет өніміне дейін арттырылмақ. Жобаның құны 21 млрд теңгені құрайды. Ол 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізілді. Өткен жылы аталған жоба бойынша алдын ала жұмыстар басталып, жер учаскесі рәсімделді. Биыл құс қораларының құрылысы басталды.


- Өскемен құс фабрикасы облыс аумағында 45 жыл көлемінде жұмыс істеп келеді. Бұл уақыт аралығында көп нәрсеге қол жеткіздік. Құс фабрикасының бастапқы қуаты жылына тоғыз мың тонна құс етін құрады. Бройлер өндірісін арттыру есебінен өткен жылы жылына 29 мың тонна ет өндіруге қол жеткіздік, – деді Ренат Құрмамбаев.