2020 жылдың жазында Кембридж университетінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сақ тайпасының заттары көрмесін ұйымдастырды.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есебінде мәлімдеді.
Көрме 2020 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында өтеді. Ғалым-археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың экспедициялары кезінде табылған 59 000 артефакт көрмеге қойылады. Сонымен қатар британдықтар Семейдегі Абай Құнанбаевтың жеке заттарын және Қазақстандағы ең көне кітапхана қорындағы сирек кездесетін 200 кітаптарды көре алады.
Сондай-ақ «Кербез» этно-фольклорлық ансамблінің және Абайдың, Шәкәрім және Құрманғазы музыкалық шығармаларын орындайтын Әміре Қашаубаев атындағы филармония әншілерінің өнерін тамашалай алады.