ШҚО-дағы заңдастыру комиссиясы мүгедектігі бар қарияның үйін басқа адамның атына заңсыз аударған

158
көрілім
Фото: kaznovosti.kz сайтынан

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мүгедектігі бар қарияның басқа адамның атына заңсыз аударылған үйін қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Самар ауданы прокурорының жеке қабылдауына III топтағы мүмкіндігі шектеулі жан, қиын өмірлік жағдайға тап болған 82 жастағы ауыл тұрғыны келген. Өз сөзінде ол тұрғын үй құқығын қалпына келтіруін көмектесуді өтінді. 

Белгілі болғандай, бұған дейін зейнеткердің жатақханадағы жалғыз бөлмесі заңдастыру комиссиясының шешімімен басқа адамның атына заңсыз аударылған. Зейнеткердің сотқа берген арыздары еш нәтиже бермеді. Облыстың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттары оның арызын сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алғандықтан қанағаттандырмаған.

«Осыған қарамастан, аудан прокуратурасы зейнеткерге Жоғарғы Сотқа кассациялық шағым түсіруге көмектесіп, жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылып, іс жаңадан қарауға жіберілді. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты заңдастыру комиссиясына шешімінің күшін жою және заңсыз деп тану туралы талап қойылды», - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасынан.

Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі жанның тұрғын үйі қайтарылып, құқығы қорғалды.