Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауылының тұрғыны Валерьян Рыжкин үш дөңгелекті велосипед құрастырып шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде бірнеше ай қатарынан еңбектенген жұмысының рахатын көріп жүр. Салмағы шамамен 20 келі болатын велосипед тебуге ыңғайлы әрі желге қарсы сағатына 10 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады.
67 жастағы зейнеткер өзі ойлап тапқан көлігін көбіне дүкенге азық-түлік алуға, кейде көрші ауылдарға да барып келу үшін пайдаланады.
— Өнертабыс өзіме де, өзгелерге де ұнайды. Жолда кетіп бара жатсам, көліктер тоқтап, қызықтап қарап жатады. Маған көбі неге төрт аяқты велосипед жасамадың деп сұрайды? Оның басқыштары қиын әрі салмақты ауырлатады, — дейді Валерьян Рыжкин.