Жаз лебі сезілісімен баланың жазғы демалысын ұйымдастыру қай ата-ананың болмасын бас ауруына айналатыны белгілі. Осы себепті оқырман жүгін жеңілдетіп, көмек болар деген үмітпен өңіріміздегі балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлері туралы ақпаратты жариялауды жөн көрдік. Баласын үйде отырғыза ма, әлде қалтаны біраз жұқартып демалысқа жібере ме, ол ата-ананың таңдауы. Десек те, баласына жайлы да пайдалы демалыс сыйлауды ойлаған ата-ана болса төменде берілген ақпаратқа үңілетін шығар деген үміттеміз…
Биыл өңіріміздегі жазғы лагерьлерде "жас омарташы мектебі", "жас дизайнер мектебі" мен "жас кәсіпкер академиясы" ашылмақ. Бұл жөнінде жақында облыс әкімдігінде өткен кеңес барысында биылғы жылы балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылу барысы жайын хабарлаған облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмәділова айтып берді.
Биылғы жылы облыс аумағында 958 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істемек. Осы мақсатқа аудан, қала бюджеттерінен 300 миллион теңге бөлінген.
Аягөз, Шемонаиха және Бесқарағай аудандарында жазғы демалыс лагерьлерін ашу жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ Катонқарағай ауданының Приморск ауылының маңындағы сауықтыру лагері жыл бойына қызмет көрсететін болады.
Биылғы жылы лагерьлердің жұмыстарында қосымша қызмет түрлері пайда болады. Атап айтсақ, "Қазгидрометтің" жергілікті филиалының базасында оқушылардың жазғы экологиялық академиясы ашылады. Мұнда биологиялық-экологиялық үйірмелердің 200 қатысушысы Катонқарағай Ұлттық табиғи паркіне, Батыс Алтай және Марқакөл қорықтарына бағытталатын ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, экологиялық мониторинг жасайды.
Үлкен Нарын ауылындағы Оқушылар үйінің базасында "Берел қорғандары" өлкетану экспедициясы 250 баланы қабылдамақ. Мұнда балалар Катонқарағай ауданы аумағында ұйымдастырылатын танымдық экспедицияға қатысып, "Баян" пантымен емдеу орталығының жұмысымен, бал өнімдері өндерісімен танысып, "Берел" мұражай-қорығын аралайды.
Ал Зоя Космодемьянская атындағы лагерь базасында ұйымдастырылатын әскери-стратегиялық ойындарда балалар түрлі ортаға бой үйретумен қатар, робототехника және модельдеу сияқты жаңа жұмыс түрлерімен танысады.
Облыстық елді мекендерден тыс орналасқан жазғы лагерьлерде үштілділіктің кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында жазғы тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады.
Балаларға арналған облыстың жазғы сауықтыру лагерьлері
Лагерьдің орналасқан жері |
Атауы |
Лагерь маусымының басталуы мен ұзақтығы |
Төлемақысы |
Лагерьдің жұмыс бағыты |
Байланыс телефоны |
Өскемен қаласы |
"Дарын" |
Маусымның басталуы – 13 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 және 7 күн (14-ші тамызға дейін) |
10 күндік жолдамаға – 53000 теңге 7 күндік жолдамаға - 37100 тенге |
Дарынды балалардың таланттарын ашу |
8 (7232) 751-661 87055098291 8 (7232) 701-516 |
Глубокое ауданы, Малоубинка ауылы |
«Толағай» |
Маусымның басталуы – 18 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 7 күн (27-ші тамызға дейін) |
9 000 теңге |
Тілдік (қазақ, ағылшын, орыс тілдері оқытылады) |
87051356662, 8 (72331) 23-156, 87771450061 |
Глубокое ауданы, Горная Ульбинка ауылы |
«Зоя Космодемьянская» |
Маусымның басталуы – 18 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (14-ші тамызға дейін) |
68 000 теңге |
Спорттық-көңіл көтеру |
8 (7232) 76-79-59, 76-65-08, +77713555330 49-20-36 8 (7232) 76-81-43, 8 (7232) 49-20-37, 87713555330 |
Глубокое ауданы, Горная Ульбинка ауылы |
Қ.Сәтпаев атындағы «Апачи» жазғы лагері |
Маусымның басталуы – 3 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 9 күн (27-ші тамызға дейін) |
45 000 теңге |
Тематикалық лагерь |
87713555999 87057980317 |
Глубокое ауданы |
«Восток-Тур-Драйв» |
Маусымның басталуы – 10 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 4 күн (10-шы тамызға дейін) |
25 000 теңге |
Спорттық-туристік |
8 (7232) 789-999 87761239999 |
Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы |
«Мейірім» |
Маусымның басталуы – 20 маусым күні. (15-ші тамызға дейін) |
9 500 теңге |
Спорттық-сауықтыру |
8778602320, 87471876483 87786002320
|
Зайсан ауданы, Сартерек ауылы |
«Сайхан» |
Маусымның басталуы – 11 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 7 күн (11-ші шілдеге дейін) |
17 500 теңге |
Спорттық-сауықтыру және шығармашылық |
8 (72340) 50-975 8 (72340) 29-375 87782357388 |
Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма ауылы |
"Жігер" |
Маусымның басталуы — 14 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 8 күн (17-ші тамызға дейін) |
26 500 теңге
|
Спорттық-сауықтыру, шығармашылық |
8 (7232) 75-1571 |
Зырян ауданы, «Алтайская бухта» демалыс базасы. |
«Өскемен саяхат және экскурсия бюросы» ЖШС |
Маусымның басталуы — 27 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 7 күн (10-шы шілдеге дейін) |
1-ші лек - 34500 тенге. 2-ші лек - 44700 тенге |
Спорттық-сауықтыру, туристік |
8 (7232) 265-700, 8 (7232) 265-378, 87772217769 |
Катонқарағай ауданы, Свинчатка ауылы |
«Сұңқар» |
Маусымның басталуы — 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 7 күн (5-ші тамызға дейін) |
24 500 теңге |
Сауықтыру |
87713557181 87025194704 |
Күршім ауданы, Сарөлең ауылы |
«Балдәурен» |
Маусымның басталуы – 5 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 күн (25-ші тамызға дейін) |
27 000 теңге |
Туристік-экологиялық |
8 (72339) 31-391, 87058424176, 87777939527 |
Көкпекті ауданы, Новостройка ауылы |
"Балдәурен-Көкпекті-2" |
Маусымның басталуы — 20 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 10 күн (16-шы тамызға дейін) |
10 000 теңге |
Спорттық-сауықтыру |
8 (72333) 23-792, 87055225879 8(72348) 30-143, 87773508414 |
Көкпекті ауданы, Мойылды ауылы |
"Балдәурен-Көкпекті-3" |
Маусымның басталуы — 21 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 10 күн (17-ші тамызға дейін) |
10 000 теңге |
Спорттық-сауықтыру |
8 (7233) 51-737, 87778581516 8(72348) 30-143, 87773508414 |
Риддер қаласы |
Республикалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі |
Маусымның басталуы — 23 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 11 күн (5-ші тамызға дейін) |
35 000 теңге |
Дамыту және көңіл көтеру |
8 (72336) 30-666 |
Риддер қаласы, Қарағай орманы |
«Синегорье» |
Маусымның басталуы – 21 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы — 19 күн (5-ші тамызға дейін) |
69 000 теңге |
Спорттық-сауықтыру |
8 (7233) 44-471 |
Бесқарағай ауданы, Старая Крепость ауылы |
«Жас Қанат» |
Маусымның басталуы – 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (10-шы тамызға дейін) |
25 000 теңге |
Шығармашылық бағыттағы лагерь |
8 (7222) 52-18-64, 87773394820 |
Бесқарағай ауданы, «Орленок» саяжай алқабы |
«Радуга» |
Маусымның басталуы – 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (10-шы тамызға дейін) |
25 000 теңге |
Шығармашылық бағыттағы лагерь |
8 (72236) 307-243, 877715022 02 8 (7222) 524-882, 87759084367 |
Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы |
«Сеңгір» |
Маусымның басталуы –1 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 күн (2-ші тамызға дейін) |
9 000 теңге |
Спорттық-сауықтыру, туристік, тілдік |
8 (72346) 28-510, 8 (7234) 428-510, 8 (72346) 22-016 |
Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы |
«Болашақ» |
Маусымның басталуы – 18 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 10 күн (20-шы тамызға дейін) |
20 000 теңге |
Сауықтыру |
87053215542. 8 (72338) 79-051, 8 (72338) 205-29 |
Ұлан ауданы, Манат ауылы |
"Алые паруса" |
Маусымның басталуы – 15 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 8 күн (16-шы тамызға дейін) |
26 500 теңге |
Спорттық-сауықтыру және шығармашылық |
8 (7232) 75-15-71 |
Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы |
«Патшалар жазығы» |
Маусымның басталуы – 11 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 12 күн (29-шы шілдеге дейін) |
- |
Экологиялық-туристік |
87771344354 87771344354 |
Ұлан ауданы, Төменгі Тайынты ауылы |
"Балалар ауылы" |
Маусымның басталуы – 22 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 18 күн (15-ші тамызға дейін) |
-
|
Экологиялық-туристік |
8 (7232) 213-225 |
Үржар ауданы, Кабанбай ауылы
|
«Үржарайым»
|
Маусымның басталуы – 10 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 7 күн (11-ші тамызға дейін) |
25 000 теңге |
Сауықтыру және тіл оқыту (ағылшын тілі) |
87782685561, 8 (72239) 48-165 |
Үржар ауданы, Науалы ауылы |
"Тарбағатай" |
Маусымның басталуы – 1 маусым күні. Әр лектің ұзақтығы – 22 күн (28-ші тамызға дейін) |
- |
Сауықтыру |
87757567819 |
Қажет етілетін құжаттар:
1) өтініш;
2) қызмет алушының тұлғасын кәуландыратын құжат;
3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс туылған жағдайда, туу туралы куәліктің көшірмесі;
4) мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар санат үшін жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алушыларға қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
5) қызмет алушының (отбасының) алған табыстары жөніндегі құжаттар (мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа өмір сүру табысы ең аз шамасынан төмен отбасылардан (еңбекақы, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың кәсіпкерлік және қызметтің өзге түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және асырауындағы өзге адамдарға алимент түріндегі табыстар);
6) жетім-балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру, сонымен қатар қаржы және материалдық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп маңындағы лагерьлерге демалыс ұсынуға тегін жолдамалар беру туралы білім беру ұйымдарының ұжымдық органы шешімінің көшірмесі;
9) психологиялық-медицина-педагогикалық кеңес беретін медициналық қорытындысының көшірмесі – ерекше білім қажеттіліктері бар балалар үшін;
10) флюротүсірілім, оқушының денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ