ШҚО-дағы жедел-жәрдем көліктері неліктен күрт азайды?

142
көрілім
Фотосуретті ұсынған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті мәліметінше, өңірде көлік құралдарын қолданысқа беру, оны бөлуге қатысты жемқорлық тәуекелдері тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Өскеменде жедел-жәрдем көліктерінің тапшылығы байқалады. Автопарктегі көліктердің жартысына жуығы қолданысқа жарамсыз.
– Қала тұрғындарынан осыған қатысты жиі шағым түседі. Айта кетерлік жайт, 75 жедел жәрдем көлігі небәрі үш жыл бұрын жаңартылған. Оның 47-сі Өскеменге деп бөлінді. Бүгінде соның 20-дан астамы қолданыста жоқ. Жөнеуді қажет етеді, кейбірі жол-көлік оқиғасына байланысты істен шықты, – деді Департамент басшысы Денис Шакенов.
Антикор өкілдері анықтағандай, кейбір жауапты тұлға осындай жағдайды көре тұра, еш шара қабылдамады. Жедел-жәрдем көліктері сол күйі жүрмейді. Осы ретте көліктерді қалпына келтіру бойынша облыстық Денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыным берілген.

Әділхан ЕСІМХАНОВ