Облыстық Төтенше жағдай департаментіндегілер қыстың суығында жаурап қалған жолаушылар үшін он жылыту бекетінің нақты қай жолдарда жұмыс істейтіндіктерін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалардың айтуларынша, алты пункт республикалық маңызға ие тасжолдар бойында, төртеуі облыстық маңыздағы жолда жұмысын бастаған. Бұдан бөлек, облыс жұрты жылынып алу үшін жол бойындағы 18 дәмханада аялдай тұруларына болады.
Жылыту пунктерінің орналасқан жері:
-
Алтай қаласы (Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары тасжолының 166-шы шақырымы);
-
Зайсан қаласы (Омбы – Майқапшағай тасжолының 1258-ші шақырымы);
-
Шемонаиха қаласы;
-
Ұлан ауданындағы Таврия ауылы (Өскемен – Семей тасжолының 26 шақырым);
-
Алтай ауданындағы Северное ауылы (Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары тасжолының 46-шы шақырымы);
-
Ұлан ауданындағы Тарғын ауылы (Өскемен – Тарғын – Самар тасжолының 62-ші шақырымы);
-
Өмеш асуы (Өскемен – Тарғын – Самар тасжолының 109-шы шақырымы);
-
Күршім ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылы;
-
Күршім ауданына қарасты Ұрұнхайка ауылы;
-
Күршім ауданындағы Марқакөл ауылы.