Бұл туралы ақпаратпен облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі
Аталған басқарма басшысының орынбасары Айжан Рахымбаеваның айтуынша, «QAZAQ AIR» әуе компаниясы осы жылдың екінші жартысынан бастап Өскемен-Үрімші бағытын ашу мәселесін қарастыруда. Ал FlyArystan әуе компаниясы жазда Өскемен-Шымкент бағытын ашуды да жоспарлап отыр. Сондай ақ Көлік министрлігінің өкілдері Үржар, Алматы және Зайсанға субсидияланған рейстерді ұйымдастыру мәселесін қарастыруда.
Түркиядағы демалушылар үшін Өскемен – Анталия бағыты бойынша чартерлік рейстер биыл да жалғасады.
НҰРДАУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ