ШҚО-ға Арыс қаласынан 70 отбасы көшіп келеді

326
көрілім

ШҚО делегациясы Түркістан облысында болып қайтып, арыстықтарды Шығысқа көшіп келуге үгіттеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Семей қаласы және Көкпекті ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен «Мұздыбай-1» шаруа қожалығының басшысы, Бесқарағай, Үржар, Көкпекті аудандарының жұмыспен қамту орталықтарының басшылары мен мамандары Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі. – Кездесу нәтижесінде аймаққа 69 отбасы (223 адам) көшуге ниет білдірді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасына сәйкес жұмыс күші мол аймақтардан адамдарды көшіріп әкелу шаралары жалғасуда.