Өңір полицейлері есірткі трафигінің жолын кесу бойынша кезекті арнайы операцияны өткізіп, нәтижесінде екі адам анықталды. Олар Жарма ауданына өсімдік есірткі заттарының аса ірі партиясын әкелуге тырысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, есірткіні саудамалақ болған Жамбыл облысының тұрғыны, оны еліміздің оңтүстік өңірлерінен автокөлікпен тасымалдаған. Кейін есірткіні ауылдық жерлердегі жастарға сатуға тырысқанымен, тәртіп сақшылары бұл әрекеттің жолын кесті.
- Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шара «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді. Автокөлікті тінту барысында күдіктілерден 8 килограмнан астам «гашиш» тәркіленді, бұл бір жарым мыңнан астам дозаға тең. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрі айқындаған басым міндеттердің бірі болып табылады, сондықтан біз осы бағыттағы қалыптасқан жағдайды мұқият қадағалаймыз және осындай фактілердің жолын кесу бойынша дереу ден қоюды қамтамасыз етеміз, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ұсталғандардың екеуі де сот санкциясымен тұтқындалды және тергеу аяқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.