ШҚО-ға гашиш әкеліп сатқан екі адам 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

748
көрілім

Есірткі құралдарын жеткізу арнасының жолын кесу бойынша өткізілген арнайы операция кезінде құқық қорғау органдарына облыстың екі тұрғыны күдікті көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кейін анықталғандай, олар гашиш жеткізумен айналысқан.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес наурыз айының 9-ы күні 37 жастағы екі ер адам да қылмыс үстінде ұсталды. Тінту барысында олардың автокөлігі мен үйлерінен жалпы салмағы 1,7 келіден асатын гашиш есірткісі тәркіленді, бұл шамамен 1 мың бір реттік дозаға тең.

– Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады, онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.