ШҚО-лық әскери қызметкер қасындағыларға есірткі сатумен айналысқан

448
көрілім
шартты сурет.

Күдіктінің пәтерінде салмағы 2,51 грамм болатын есірткі заты табылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семей гарнизонының әскери сотында әскери бөлімнің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, заңбұзушы тамыз айында алты мың теңгеге бір стақан кептірілген марихуананы сатып алған. Одан арнайы оралған он орама жасап, үйінде сақтаған. Артынан зиян заттың бес орамасын бірге қызмет ететін жігітке жеті жарым мың теңгеге сатқан.

– Әскери-тергеу басқармасының мамандары үйін тінту кезінде 2,51 грамм мөлшеріндегі есірткі қалдықтарын тапты. Оған сот үкімімен екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі мамандары.