ШҚО ПД Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желіде қызметтік құжаттың таралып кеткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
- Полиция бөлімінің 16 қызметкері, оның ішінде аудандық полиция бөлімінің бастығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мен «кәмелетке толмағанды зорлау» және «өзін - өзі өлтіру» баптары бойынша басталған қылмыстық істерді тергеуді ерекше бақылауға алдым, - деп толықтырды ШҚО ІІД басшысы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Естеріңізге салсақ, бірер апта бұрын Шемонаиха қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын зорлап, артынан асулы күйінде табылған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.