ШҚО-лық полицейлерге ашуға булыққан еркекті тапаншамен тоқтатуға тура келді

371
көрілім

Тәртіп сақшыларына отбасылық жанжал туралы қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде мас күйдегі 28 жастағы ер адамды бірден байқайды. Ол қолына пышақ алып, әйелін қорқытқан.

– Есі кеткен ер адам құқық қорғау қызметкерлерінің ескертуі мен басуына мүлде құлақ аспай қарсылық білдірген. Басқа азаматтардың өміріне зиянын тигізбес үшін полицейлер ескерту ретінде табельді қарудан көкке оқ атқан. Қазір ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.