Спортшыларды «Өскемен-1» теміржол вокзалында ШҚО ТЖД қызметкерлері сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ресейдің Саратов қаласында 9 мемлекеттен келген ең үздік жас спортшылар өрт сөндіруші-құтқарушылар арасындағы сайыста жақсы нәтиже көрсетіп, жаңа рекордтарды бағындырды. Шығыстан барған команданы бастаған азаматтық қорғаныс подполковнигі, әрі бапкер Михаил Филатов. 9 сайыскердің ішінде 6 шығысқазақстандық бар олар, Артур Азизов, Глеб Снегирев, Виктор Коршак, Эльдар Авилов, Біржан Шаймуратов, Дінмұхамед Абильбаев. 15 жастағы жас құтқарушылар 100 метрлік жолақтан өтуде, өрт сөндіру эстафеталарында, құтқару бойынша кезеңдерде үздік нәтижелер көрсеткен.
– Айта кету керек, Қазақстан құрамасы мұндай әлемдік додада алғашқы рет үшінші орынды иеленді. Алдағы уақытта тек бірінші орыннан көрінеді деп сенеміз. Спортшылардың жеңіске деген ұмтылысы зор, – дейді төтенше жағдайлар қызметкерлері.