Облыс аумағында үш айдан бері 49 жастағы Рауия Гайфутдинова іздеуде болған еді. Еріктілердің айтуынша, жуықта әйел адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ағымдағы жылдың сегізінші шілдесінде Бородулиха ауданындағы Новопокровка ауылының тұрғыны Рауия Гайфутдинова үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған еді. Сол уақыттан бастап іздеу жұмыстары басталған.
Еріктілер ұйымының мәліметінше, ауыл тұрғынының мәйітін комбайнер тауып алған. Денесі Воскресеновка ауылының маңында табылды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда.