Жұмыскерлердің еңбекақыларын төлемеу Өскемен, Семей қалалары және Алтай ауданында анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Статистика департаменті мамандарының айтуынша, қазан айында 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешек сомасы 129,6 миллион теңгені құрады.
Қызметкерлердің жалақылары бойынша қарызданушылардың ең көп үлес салмағы тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеумен айналысатын кәсіпорындарға тиесілі екен. Бұл жерде көрсеткіш 68,9 пайызды құраған.