Өлім-жітім бойынша жоғары көрсеткіш Алтай ауданы мен Риддер қаласында. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл уақытылы тексерілмеу салдарынан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Неге Алтай ауданы мен Риддер қаласында қан айналымы ауруларын анықтау көрсеткіші төмен? Осы аурулардан көзжұмушылардың саны да неге Алтай, Риддер, Глубокое өңірлерінде көп?, – деп сұрақ қойды облыс әкімі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллиновнаға.
Жүректің ишемиялық аурулары бойынша Риддер қаласында тағы да нашар көрсеткіштер.
- Бұл мәселені шешу үшін не қажет? Керек болса Аягөз және Алтай инсульт орталықтарында кардиобағытты күшейтейік. Егер облыстық аурухана базасында кардиологиялық орталықты ұйымдастыру қажет болса, жасаңыз!, – деді аймақ басшысы.