ШҚО-ның қай аудандарында қар қалың жауды?

419
көрілім
Фотосурет egеmen.kz сайтынан

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің ақпаратынша, бұған Риддер қаласы мен тағы екі аудан кіреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қар Алтай ауданында айтарлықтай қалың (96 см) жауған. Марқакөл ауданына қарасты Теректі ауылында 81 см, Риддерде 56 см-ге жетті.
- Топырақ қату тереңдігін айтсақ, Тарбағатай ауданында 87 см, Самар ауданында 75 см және Зайсан ауданында 66 см-ді көрсетті, - делінген «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы ұсынған мәліметте.
Дегенмен кей оқырман әлеуметтік желіде қардың қалыңдығы 1 метрден асқан аудандар барын жазды.