ШҚО-ның кей аумақтарында тұман түсуі күтіледі

369
көрілім
Шартты фотосурет

10 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктерлің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде қар ұшқындап, жаңбыр жауады. Оған қоса, бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жел екпіні күшейіп, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.

«Қазгидромет» синоптиктері Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумағында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжаса, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғатынын болжады.