ШҚО-ның кей өңірлерінде жаңбыр жауады

387
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Кей аймақтарда жел екпіні күшейіп, тұман түсуі күтілсе, оңтүстікте және орталықта дауыл соғуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал.

Мамандар ШҚО, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 20-25 м/с күшейіп, бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауады деп болжауда.