ШҚО-ның кей өңірлерінде жаңбыр жауады

397
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын болжауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандар мәліметінше, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың кей өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей облыстарда тұман түсіп, дауыл тұрып, желдің күшеюі күтіледі.