Қазан айының өзінде Риддер қаласында бір жарым метрге дейін қар түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазан айында қатты суық пен боран болды. Қысқа уақыт ішінде көп қар жауды. Қар жабынының биіктігі 15-25 сантиметрден 90-130 сантиметрге дейін жетуде. Бұл биік жерлерден көшкін жүруі мүмкін деген сөз» делінген Риддер қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында.
Жергілікті ТЖ мамандары тұрғындарға жаңбырлы, желді және қар жауған күндері тауға бармауларына кеңес береді.