Семей маңындағы Абай ауданына мыңдаған адамдар келеді. Бұл тек қажылар емес, сонымен қатар киелі жердің ерекше энергиясын сезгісі келетін туристер. Мұнда сіз әр жастағы, денсаулық жағдайы әртүрлі, ауыр науқастан бастап сау және табысты адамдарға дейін тірейсіз. Семейдің қасындағы киелі жерлер неге соншалықты танымал және оған қалай жетуге болады?
Қысқаша анықтама
Қоңыр әулие үңгірінің тарихы өте ертеден басталады. Үңгірдің ішінде мөп-мөлдір, суы өте суық көл орналасқан. Бір қарағанда бұл жақпар тасты үңгірде мөлдір көл бар деп еш ойламайсыз. Бұл суға түскен адам сырқатынан айығып, жаңа өмір бастайды деп саналады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ата-бабаларымыз жаулармен соғысқанда осы жерге келіп, жараларын емдеген екен. Қоңыр әулие үңгірі ежелгі түркі дәуірінен бастау алады.
Үңгірдің кіре берісінің ұзындығы екі метрден сәл жоғары. Ал суға жету үшін тас блоктардың астынан шамамен бір жарым метрдей жер жүресің. Туристік ақпарат орталығының хабарлауынша, үңгір су қоймасының мөлшері шамамен 12 - 18 метр, ал тереңдігі - бес метрге дейін. Судың температурасы Цельсий шкаласымен небары 4 градус болады.
Соңғы жылдары үңгірге келушілер көптеп келе бастағандықтан Шығыс Қазақстанның киелі жерлер тізіміне енгізілді.
Бұл қасиетті нысандар тізіміне хәкім Абайдың үй-мұражайы да кіреді. Ол да Семей аймағында орналасқан, сондықтан бұл жерге барғыңыз келсе бір сапарда баруыңызға болады.
Орналасуы
Қоңыр әулие үңгірі Семей қаласынан 200 шақырым жердегі, Абай ауданында орналасқан.
Маршут сипаттамасы
Кейбір туристердің айтуынша, алғаш барғанда адасып, үңгірді таба алмаған. Кейбірінің жолда көлігі бұзылып, дөңгелегі жарылып, қозғалтқышы жұмыс істемей қалған кезеңдері болған. Соған қарағанда қасиетті жерге бару үшін барлығының бірдей жолы бола бермейді.
Біреулер жалғыз-жарым жолға шығып тәуекелге бел буғанша, үңгірге арнайы сапар ұйымдастыратын фирмалармен келіскен жөн деп санайды. Ондай фирмаларды Өскемен, Семей қалаларынан оңай тауып алуға болады.
Үңгірге кіру ақысы – 600 тг
Сапар уақыты – 1-2 күн
Негізінен үңгірге бару үшін 1 күн уақыт жеткілікті (таңертең шығып, кешке қайтасыз). Бірақ киелі жерге қону керек деп сенетіндер де бар. Олай болса арнайы жалға берілетін үйлерде қонуға болады. Ондай кезде сапар уақыты 2 күнге созылады.
Туристердің әсері
- Біз Қоңыр әулие үңгіріне шілде айының соңында бардық. Жолдасым сол жерде 2 жыл бұрын болған және отбасымызбен тағы барып қайтуды армандайтын. Көлігімізбен еш кедергісіз, жолды тауып бардық. Біз барғанда көлік те, адамдар да көп, шамамен айтсам, 15 жеңіл көлік пен 5 жолаушылар автобус болды, - дейді Семей қаласының тұрғыны Марина Коржова
Екі жыл бұрынғы үңгір мен қазіргі үңгірдің айырмашылығы жер мен көктей. Бұл туралы тек Марина Коржова ғана емес сол жерде ертеректе болғандар айтады. Ол кезде үңгірде жарық болмаған, тайғақ тастарда фонарик алып жүруге тура келетін. Ал қазір өте ыңғайлы. Тіпті қарт адамдар мен сырқат адамдарға да жағдай жасалған.
Суға түсіп шыққан соң әр адам әртүрлі күйде болады. Кейбіреулер өздерін жеңіл сезінсе, біреулер ыстықтап, күйіп-піседі, ал тағы біреулері селкілдеп тоңа бастайды.
Қосымша
Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы. Қарапайым тілмен айтсақ, Семейден 180 шақырым жерде орналасқан Жидебай шатқалындағы Абай мұражайы. ШҚО Туристік ақпара орталығының хабарлауынша, ол аймағымыздың киелі нысандар тізіміне енген. Осылайша сіз Жидебай-Бөріліге алдымен баратындай етіп жоспарлап, содан кейін Қоңыр Әулие үңгіріне жетесіз.
Кейбір туристер қасиетті үңгірге барар алдында махаббат ескерткіші - Еңлік-Кебек кесенесіне соғады. Бұл жеерде қос ғашықтың қабірлері орналасқан.
Маңызды
Қоңыр әулие үңгірінде ұялы байланыс мүлде ұстамайды. Адасып кеткен жағдайда ешкімге хабарласа алмайсыз.
Киелі орынның маңайында дүкен жоқ. Сондықтан бұл жерде тіпті су да сатып ала алмайсыз. Азықты өзіңізбен бірге ала барыңыз.
Әйел адамдар үңгірге басына орамал тартып кіру ұсынылады. Ашық киіммен суға түсуге болмайды, тек жабық (ұзын көйлек немесе халат) киіну керек.
Дәретханалар қасиетті үңгірдің қасында, сондықтан мұнда дәрет алып кірген жөн. Беті, қолыңызды жуып, аузыңызды шайып, бүкіл денеңізді таза ұстауға тырысыңыз.
Үңгірге тек таза ой, таза ниетпен, шынайы сеніммен кіру керек.