Шалғайда жатқан, халық саны аз елді мекендерде білім ордалары болмайтыны белгілі. Мұндай ауылдардың балалары жақын орналасқан басқа ауылдың мектептеріне арнайы автобуспен тасымалданады. Осы жылдың аяғына дейін облыстағы осындай мектеп автобустарының саны көбейетін болады.
Білім басқармасының мәлімдеуінше, облыстың 18 ауданындағы мектебі жоқ елді мекендердегі оқушыларды тасымалдау 193 мектеп автобустарымен жүзеге асырылады екен. Ағымдағы жылдың соңына дейін облыстық бюжеттің есебінен қала және аудан мектептеріне тағы 20 автобус сатып алынады.