ШҚО-ның өндіріс орындарында 2018 жылдың төрт айында 56 жазатайым оқиға тіркелген

329
көрілім

Облыс бойынша биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында өндіріс орындарында 56 жазатайым оқиға орын алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингін өткізген Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді.

– Жазатайым оқиғалардың салдарынан 63 адам жарақат алған. Оның ішінде 5 адам қаза болып, 26 адамға ауыр жарақат алды,  – дейді Бақытбек Қизатов.

Айта кету керек, биыл өндірістердегі жарақаттану деңгейі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр.