Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы, ШҚО Білім басқармасы басшысы Инесса Чернышеваның қатысуымен ата аналар жиналысы өтті.
Жиналыс басталмас бұрын ата-аналар және арнайы қонақтар үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да экскурсия ұйымдастырылып, оқу орнының материалдық техникалық базасы таныстырылды. Арнайы көрмеде университет мектептерінің әлеуеті көрсетіліп, ата-аналар оқытушылармен, ғалымдармен тілдесуге мүмкіндік алды.
Жалпыға бірдей ата-аналар жиналысында Руслан Тоқтарбекұлы биылғы ҰБТ өзгерістері, жаңашылдықтары, тәртіптері мен ережелері туралы баяндады. Инесса Александровна өңірдегі ҰБТ ұйымдастыру шаралары, биыл қатысатын оқушылар статистикасы туралы ортақ деректерді ұсынды.
Сөз соңында ата-аналар көңілдерін қобалжытқан сұрақтар қойып, өңірлік білім басқармасы басшысынан және Ұлттық тестілеу орталығының директорынан тікелей жауап алды.
Бүгінгі жиналысқа барлығы 200-ге жуық ата-аналар келіп және онлайн 100-ге жуық қатысты. Жиын соңында балалардың оқуына, ғылыми жұмыстарына белсенді қатысқан ата-аналарға университет атынан алғыс жарияланды.