Тілсіз жау түн кезінде Шүлді кентінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатындағы пәтерден шыққан. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтердің кіре берісі мен есігі өртенген. Жалпы өрт аумағы 3 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт алаңы үлкен болмаса да, от түтіні тұрғын үйдің төртінші және бесінші қабатын лезде шарлап кеткен. Тұрғындардың көбісі еш алаңсыз ұйықтап жатыпты. Сондықтан да оқиға орнына дереу келген өрт сөндіру қызметкерлері оларды оятып, 8 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Содан соң, өртсөндірушілер тілсіз жауды залалсыздандырып, оттың басқа пәтерлерге тарап кетуіне жол бермеді. Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан кезде пәтер иесі мас күйінде болған. Өрттің нақты шығу салдары анықталу үстінде.