Шүлбі су қоймасында бір балықшы суға кетіп көз жұмды

660
көрілім

23 мамыр күні Шүлбі су қоймасында бір балықшы суға кетіп көз жұмды. 1979 жылғы азамат Семей өңірі Баженов ауылдық округінің Баженов ауылының тұрғыны болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы жайдың орын алуына жөнделмеген жүзу құралымен су бетіне шығу себеп болған. Жағадан 200 метр асқанда үрленген жүзу құралының желі шыып кеткен. Оның үстіндегі екі балықшы тіпті аяқ-киімін шешіп, денені жеңілдетіп алуға да үлгермеген көрінеді. Ал жүзу құралының үстіндегі құтқаруға арналған құрылғылар болмаған екен. Балықшылардың бірі жағаға әрең жүзіп жеткенімен, екіншісі су түбіне кеткен.

ШҚО ТЖД өңір тұрғындарына тағы да суға түсу кезінде, жүзу құралын пайдалану кезінде аса сақ болуға шақырады.