Шыбындыкөл аумағы қоқыстан тазартылды

200
көрілім

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында осыған дейін Сібе, Шыбынды көлдерінің аумағын тазалау жұмыстары жүргізіліп, 20000-нан астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шыбындыкөл маңында балалар лагері орналасқан. Осы ретте абаттандыру жұмыстарына азаматтар кеңінен тартылып, белсенді жастардың әлеуетін жұмылдыру басшылыққа алынды.
- Іс-шара аясында Ұлан ауданына қарасты Тарғын ауылдық округінің «Шыбынды көлі» аумағында тазартылып, бұған 50-ге тарта адам қатысты. Студент жастардан бастап, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының мүшелері, эко-белсенділер және еріктілер белсенділік танытты. Одан бөлек, шетелден келген спортшылар да шет қалмады, - делінген мәліметте.


Бірыңғай жұмыс қана емес, Шыбынды көлінің жағасында музыкалық сүйемелдеу де болды. Стокгольмнан келген спортшы Иоган Мартенсон Шыбындыкөл жағалауында өтіп жатқан акцияға қатысқанына өте қуанышты екенін атап өтті.
- Өткізіліп жатқан акция туралы естіген соң бей-жай қарап тұра алмадық. Табиғатты қорғау - адамның басты міндеті болғандықтан, қатысуға бел будық. Біз спортшылар, 50 қап қоқыс жинадық. Қазақстанды тазалауға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз, - деді ол.

Тазалау жұмыстарының соңында жинақталған қоқысты уақтылы шығарып, арнайы орындарға жеткізілмек.